20 Мамыр 2021
146

2021жылдың 12 мамыр - 13 мамыр аралығында консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері құрамында онколог, онкомаммолог дәрігері бар

2021жылдың 12 мамыр - 13 мамыр аралығында консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансері құрамында онколог, онкомаммолог дәрігері бар. Бәйтерек -2 аудандық ауруханасына (РБ Дарьинск, Достық к.) мамандарды жіберді.

33 адамға кеңес берілді және тексерілді.

Оның ішінде қатерлі ісіктерге күдікпен 6 жағдай, қатерсіз ісіктермен 15 жағдай, басқа патологиялармен 8 жағдай анықталды, сондай-ақ  Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансеріне  «Д » есебінде  4 пациент  кеңес алды. Одан әрі бақылау бойынша ұсыныстар берілді, тексерулер тағайындалды.

Жалпы тәжірбиелі дәрігерлер мен мекеменің медицина қызметкерлері үшін онкологиялық сақтық және онкопатологияны ерте диагностикалау бойынша семинар өткізілді.

Патологияларды ерте анықтау деңгейін арттыру үшін БҚО онкологиялық диспансердің  мамандары аудандық медициналық ұйымдарға жоспарлы түрде  көшпелі  жұмыстарды  жалғастыруда.