26 Наурыз 2021
254

ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!!!

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары 2021 жылдың 27 наурызында Батыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде «Ашық есік күні» өтеді. Бұл іс-шар  «колоректалды обырдың алдын алу айы» аясында өткізіледі, осы күні облыс тұрғындары онкохирургтардың  кеңесін алуларына және дәрігер онкохирург қабылдауында қандайда бір күдік туындаған жағдайда қосымша эндоскопия және УДЗ кабинеттерінің қабылдауында тегін диагностикадан өтуге мүмкіндіктері бар.  Қабылдау уақыты  9:00-ден 13:00-ге дейін №103, №109, №112, №205 кабинеттерінде онкохирург қабылдаулары жүзеге асырылады. Күдік туындаған жағдайда №203 эндоскопия кабинеті және №11 УДЗ  кабинеттері қосымша жұмыс жасайды.

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу қажет.

Қосымша ақпарат: +7(7112) 52 50 41

Мекен-жайы: ШЖҚ "Облыстық онкологиялық диспансер" МКК Алматы көшесі 58. "Чувашинская" аялдамасы.  №33, №43, №52 автобустары жүреді.