02 Ақпан 2021
181

4 ақпан-қатерлі ісікке қарсы күрес күні

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасы бойынша Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі.

 

Жыл сайын Қазақстанда 36 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 180 мыңнан астам қазақстандық есепте тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 14 мыңға жуық адам көз жұмады.

 

Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісік түрлері: сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі және колоректальды қатерлі ісік.

 

Біз қазақстандықтарды міндетті онкоскринингтен өтуге шақырамыз!

 

Әйелдер: сүт безі қатерлі ісігі (40-70 жас) және жатыр мойны қатерлі ісігі (30-70 жас). Ерлер мен әйелдер: колоректальды қатерлі ісік (50-70 жас).

 

Бұл сіздің емханаларыңызда қол жетімді. Және толығымен тегін!

 

Ерте диагноз өмірді сақтайды.

 

@D_kaidar және @onco_info_kz парақшаларына жазылыңыз және онкологиялық аурулардың алдын алу және ескерту шаралары туралы хабардар болыңыз.

 

https://drive.google.com/file/d/13hHVa_NQPXgEf-GWbLAgLIX-IoE2Mts6/view