02 Қараша 2018
1576

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫНДАҒЫ « ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІ» МЕМЛЕКЕТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ БАЙҚАУ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

М А З М Ұ Н Ы

I. Жалпы ережелер

II. Байқау кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері

III. Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар

IV. Байқау кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

V. Байқау кеңесі мүшелерінің жауапкершіліктері

VI.Байқау кеңесінің құрылымы

VIII. Кәсіпорын мен Байқау кеңесінің өзара әрекеттестігі.

IХ. Байқау кеңесінің комиссиялары 

 I. Жалпы ережелер

1. ШЖҚ  «Облыстық онкологиялық диспансері» МКК-ны жанындағы Байқау кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Кәсіпорынның сайланбалы және алқалы мемлекеттік-қоғамдық басқару органы болып табылады.Байқау кеңесі кәсіпорынды демократиялық әрі мемлекеттік-қоғамдық басқаруды қамтамасыздандыру және Кәсіпорын Жарғысына сәкес Байқау кеңесінің құзырына жататын шешімдерді жүзеге асыру мақсатында құрылады.

2. Байқау кеңесі өз қызметінде : ҚР Конституциясын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңын, және басқада ҚР нормативтік актілерін, Кәсіпорын Жарғысын, осы Ережені, өзге де Кәсіпорынның жергілікті нормативтік актілерін басшылыққа алады.
3. Кеңес Кәсіпорын жанындағы өз қызметін қоғамдық бастамада жүзеге асыру арқылы тұрақты әрекет ететін қоғамдық орган болып табылады.
4. Кеңес қызметі барлық мәселелерді еркін талдау және олар бойынша алқалы шешім алу арқылы жүзеге асырылады.
5. Кеңес шешімі Кәсіпорын жиналысында қаралуға және ол бойынша шешім алынуға міндетті .

II.  Байқау кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері

6.Кеңестің негізгі мақсаттары болып :
- Кәсіпорын қызметінің азаматтық қоғаммен бірге үйлестірілуін қамтамасыздандыру;
- сала бағдарламаларының дамуының жалпыға танымал болуы мен оның орындалуы;
- стратегиялық, саяси және ағымдық шешімдер алыну барысына азаматтық қоғамды тарту;
- денсаулық сақтау жүйесінің жекелеген сауалдары бойынша, ағымдық мәселелер қызметі мен қызмет көрсету, оларды шешу жолдарын анықтауда азаматтық қоғамның ұстанымын айқындау;
- барлық қызмет жүйесі мәселелері бойынша Кәсіпорын мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестігін реттеу болып табылады.
7. Осы мақсаттарды шешу барысында Кәсiпорынның байқау кеңесiнiң мынадай өкiлеттiктерi бар:        
1)тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) кәсiпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу бойынша қорытынды бередi;       
2)даму жоспарының орындалуы туралы есептiң жобасын келiседi, кәсiпорынның жылдық қаржы есептiлiгiн алдын ала бекiтедi;       
3)демеушiлiк, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның iшiнде кәсiпорынның иелiгiнде қалған таза табыстың бiр бөлiгiн бөлу туралы шешiм қабылдайды;   
4)бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшiн кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң құжаттамасымен кедергiсiз танысады және көрсетiлген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексерудi жүзеге асыру үшiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) ұсыныстар енгiзедi; 
5)кәсiпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелерi бойынша тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның) ұсыныстарын келiседi;
6)ұжымдық шартты әзiрлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерiнен, даму жоспарында бекiтiлген қаражат шегiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлiгiнде шешiмдер қабылдайды;      
7)байқау кеңесiнiң хатшысын тағайындайды, оның өкiлеттiк мерзiмiн және жалақысының мөлшерiн айқындайды, оның өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтатады;
8)тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) кәсiпорынның жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстар енгiзедi;    
9) кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;      
10)тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) кәсiпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгiзедi; 
11)тиiстi саланың уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға) кәсiпорынның филиалдарын, өкiлдiктерiн құру және жабу туралы ұсыныстар енгiзедi;
12)мақсаттардың орындалуына қажетті осы Ережемен қарастырылған және Кәсіпорынмен келісілген өзгеде қызметтерді жүзеге асырады.
8. Кәсіпорын Кеңеске белгіленген мақсаттар мен қызметтер тізбесін толықтыруға құқылы.

III. Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар:
1)экономика, құқық, немесе денсаулық сақтау салаларындағы жоғары білімінің;
2)денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуын қамтиды;
2. Мынадай:
1)Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2)бұрын шаруашылық жүргізу құқығындағы осы мемлекеттік кәсіпорынның басшысы болған;
3)бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4)байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

IV. Байқау кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

9. Байқау кеңесі мүшесі құқылы: Байқау кеңесі отырысына өзі қатысуға; отырыста талқыланатын сауалдар бойынша белгіленген уақыт шеңберінде сөз алуға; Байқау кеңесінің шешімі бойынша белгіленген кезең уақытындағы кәсіпорын қызметі, оның даму жоспарлары туралы ақпарат алуға; Байқау кеңесіндегі қызметі үшін сыйақы мен шығындар өтемақысын алуға.
Байқау кеңесі мүшелері арасындағы қызметтерді бөлу кеңестің әрбір мүшесі үшін нақты түрде кеңес төрағасымен жүзеге асырылады.
Кәсіпорынмен мәміле жасауда мүддесі бар Кеңес мүшесі, өзінің мүдделігі туралы Байқау кеңесіне мәміле жасалмай тұрар алдында хабарлауға міндетті.
Кеңес мүшелері, егер олар, олардың жұбайлары, ата-аналары, балалары, аға-інілері,          апа-сіңілері, сондай-ақ олардың барлық аффилирлық тұлғалары мәміле тараптары болса немесе оған өкіл не делдал ретінде қатысса; мәміле тарапы болып табылатын немесе мәмілеге өкіл не делдал ретінде қатысушы заңды тұлғаның басқару органында лауазымды қызмет атқарса кәсіпорынмен мәміле жасауға мүдделі деп танылады.
Кеңес мүшелерінің Байқау кеңесімен қандай да болмасын шешімдердің алынуына ықпал көрсеткені үшін тікелей немесе жанама түрде сыйақы алуларына құқығы жоқ.
Кеңес мүшелерінің кәсіпорын мүмкіндіктерін (мүліктік не мүліксіз құқықтарын, шаруашылық қызметі саласындағы мүмкіндіктерін, кәсіпорынның  қызметі және жоспарлары туралы ақпараттарды) жеке мудделерін көздеу мақсаттары үшін пайдалануға құқығы жоқ.
Кеңес мүшелері өз қызмет міндеттерін адал ниетпен, сондай-ақ кәсіпорын мүддесі үшін ең жақсы деп есептейтін әдістермен атқаруға міндетті.                                                       

V. Байқау кеңесі мүшелерінің жауапкершіліктері

10. Байқау кеңесiнiң мүшелерi өздерiнiң iс-әрекеттерiнен (әрекетсiздiгiнен) кәсiпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мен тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) алдында жауаптылықта болады.
11. Байқау кеңесiнiң мүшелерi, егер байқау кеңесi қабылдаған, кәсiпорынның залалға ұшырауына әкеп соқтырған шешiмге қарсы дауыс берсе немесе дауыс беруге қатыспаса, жауапкершiлiктен босатылады. 

VI. Байқау кеңесінің құрылуы мен құрамы

12. Байқау кеңесі туралы ережені, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін бекіткеннен кейін тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 22 маусым 2011 жылғы №686 Қаулысымен бекітілген «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу қағидасына» сәйкес байқау кеңесінің құрамына үміткерлерді конкурстық іріктеуді жүргізеді, байқау кеңесінің құрамын қалыптастырады және бекітеді.
Комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушымен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) басшысы тиісті шарт жасасады.
13. Кәсіпорынның байқау кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) бiр-бiрiмен және кәсiпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын жеті мүшесі бар құрамда құралады. Кәсіпорынның басшысын қоспағанда, байқау кеңесінің мүшелері кәсіпорын жұмыскерлерінің штатына кірмейді. Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
14. Байқау кеңесінің құрамына кіретін өкілдер:
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тарапынан – 2 адам, тағайындалу туралы бұйрыққа сай;
Тиісті саладағы уәкілетті орган тарапынан – 1 адам, тиісті саладағы уәкілетті органның тағайындау туралы бұйрығына сай;
Кәсіпорын қызметкерлерінің өкілдері – 2 адам. Қызметкерлер санынан байқау кеңесі мүшелері кәсіпорынның жалпы жиналысымен сайланады. Сайлау қызметкерлердің жасырын дауыс беруі арқылы өткізіледі;
Қоғамдық өкілдер – 2 адам.
Байқау кеңесіндегі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің және кәсіпорын қызметкерлері өкілдері саны Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауы тиіс.
Байқау кеңесіне қызметкерлер өкілдерін тағайындау немесе олардың уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім Кәсіпорын Жарғысымен қарастырылған тәртіпте алынады.
Бір тұлға шексіз түрде қайтадан Байқау кеңесінің мүшесі бола алмайды.
15. Байқау кеңесі мүшелеріне кеңес жұмысына қатысқандары үшін сыйақы төленбейді. Байқау кеңесі жұмысын өткізуге қатысты шығындарды кеңес мүшелері дербес түрде өтейді. Кеңеске жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға байланысты жекелеген іс-шараларды қаржыландыру үшін Кеңес қамқорлығымен арнайы қорлар, соның ішінде қайырымдылық қорлары құрылуы мүмкін.
16. Байқау кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату.                       Байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігі оның жазбаша өтінішінің негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Байқау кеңесі мүшесінің жазбаша өтінішінде бұдан әрі өзінің міндеттерін орындай алмауының себебі көрсетілуге тиіс.
Өз қалауы, денсаулығының жағдайы, күшіне енген сот үкімі, байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе кәсіпорын басшысымен туыстық қатынастың туындауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде негіздер байқау кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату себептері болып табылады.
Байқау кеңесі кеңес мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарайды және осы өтініштің тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде шешім шығарады.
17. Байқау кеңесiнiң төрағасы байқау кеңесi мүшелерi арасынан байқау кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен сайланады.
Кәсiпорынның директоры мен Кәсіпорын қызметкерлерінің өкілі байқау кеңесiнiң төрағасы болып сайлана алмайды.
Байқау кеңесі өз төрағасын кез келген уақытта қайта сайлауға құқылы.
Кеңес мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату кезінде орнын басу Кеңес мүшелігіне үміткерлер есебінен жүзеге асырылады.
18. Байқау Кеңесі Кеңес төрағасы, Кеңес төрағасының орынбасарлары, жауапты хатша және Кеңес мүшелері құрамында құралады.
Кеңестің ұйымдастыру отырысында ашық дауыспен төраға, оның орынбасарлары мен Кеңес хатшысы сайланады. Алғашқы отырысты егде жасты Кеңес мүшесі ашады.
Кеңес қызметі басшылығын төраға, төрағаның болмауы кезінде – оның орынбасарларының бірі атқарады.
Кеңес төрағасы:
- Кеңес қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асырады;
- Кеңес отырыстарында төрағалық атқарады;
- Кеңес мүшелерінің міндеттерін бекітеді;
- Кеңестің жұмыс жоспарын және жұмыс топтарын бекітеді;
- Отырыс хаттамаларына және басқа да Кеңес құжаттарына қол қояды.

VI.Байқау кеңесінің құрылымы

19. Кеңес өз қызметін Кеңес төрағасымен бекітілген және Кәсіпорын директорымен келісілген жылдық  іс-шаралар жоспарына сай жүзеге асырады.
Отырыс Кеңес жұмысының басты нысаны болып табылады.

  1. Кәсiпорынның байқау кеңесiнiң отырыстары қажет болуына қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi;
  2. Кеңес отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиiстi саланың уәкiлеттi органының (жергiлiктi атқарушы органның), байқау кеңесi мүшесiнiң немесе Кәсiпорын директорының талап етуi бойынша шақыруы мүмкiн;
  3. Байқау кеңесі туралы ереженi, Кеңес отырыстарын шақыру және өткiзу тәртiбiн тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) бекiтедi;
  4. Кеңес отырысы, егер Кеңестiң барлық мүшелерi оның өтетiн уақыты мен орны туралы хабардар етiлсе және отырысқа Кеңестің мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Кеңес мүшесiнiң өз дауысын Кеңестiң басқа мүшесiне немесе өзге жеке тұлғаға (сенiмхат бойынша) беруiне жол берiлмейдi;
  5. Кеңестің әрбiр мүшесi дауыс беру кезiнде бiр дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады.
  6. Кеңес мүшелері оның отырыстарына ауысу құқынсыз жеке қатысады. Кеңес отырысына келе алмаған жағдайда, кеңес мүшесі күн тәртібіне қойылған сауалдар бойынша өз пікірін жазбаша нысанда жолдауға құқылы. Аталған пікір кеңес отырысында қаралуға және дауысқа салу кезінде есептелуге жатады.
  7. Кеңес отырысын өткізу туралы хабарлама кеңес мүшелеріне отырысты өткізу уақытына дейін 7(жеті) күннен кешіктірілмей жолдануы тиіс. Кеңес мүшелері Кеңес қарауына оның кезектен тыс отырысын шақыру ұсынысын енгізуге құқылы.
  8. Кәсіпорын директоры Кеңес отырысына қатысуға құқылы. Кеңес төрағасы шақырған өзге де тұлғалар, егер олардың қатысуына Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бірі қарсы болмаса отырысқа қатыса алады.
  9. Денсаулық мәселелері мен отырыста қойылған сауалдарға байланысты Кеңес отырысына сарапшылар, ғылыми және басқа да кеңесшілер шақырылуы мүмкін.
  10. Кеңестің алдағы отырысында қаралатын сауалдар құзыретіне жататын Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары отырысқа қажетті құжаттарды отырысқа дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей тапсырады.
  11. Кеңес шешімдері ұсынымдық сипатта жүргізіледі, сондықтан Кәсіпорын Кеңес шешімдерімен келіспеген жағдайда 10(он) күн ішінде дәлелді жауабын беруге міндетті. Кеңес шешімімен келіспеген жағдайда, Кеңестің кез келген мүшесінің жазбаша түрде жазылып, Кеңес отырысының хаттамасына қоса тіркелуі тиіс болатын ерекше пікірге құқығы бар. Кеңес мүшесі болмаған жағдайда Комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі мен осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі. Кеңес шешiмдерi жазбаша нысанда ресiмделедi және оларға Кеңестiң барлық мүшелерi қол қояды.                                                 
  12. 20. Кеңесте іс жүргізу жауапкершілігі хатшыға жүктеледі.

Кеңес хатшысы кәсiпорынның қызметкерi болып табылады және байқау кеңесiнiң мүшесi болып табылмайды. Кеңес хатшысы байқау кеңесiне есеп бередi, оның отырыстарын дайындау мен өткiзудi, отырысқа материалдар ресiмдеудi қамтамасыз етедi және байқау кеңесi мүшелерiнiң отырыстар материалдарына қолжетiмдi болуын қамтамасыз етiлуiне бақылау жүргiзедi.                                                                                 
Кеңес хатшысының құзыретi мен қызметi кәсiпорынның iшкi құжаттарында айқындалады.
21. Кеңес қызметінің қорытындылары жұртшылыққа бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялану арқылы жеткізіледі.
22.  Кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау, байқау кеңесінің мүшелері қызметінің тиімділігін және сыйақы мөлшерін айқындау мақсатында жүзеге асырылады, жыл сайын кәсіпорынның аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
Кеңес мүшесінің қызметін бағалауды осы қызметтегі оның бір жылдық жұмыс қорытындылары бойынша жыл сайын тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) жүргізеді. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалауды жүзеге асырады. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы (жергiлiктi атқарушы орган) байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалау қорытындылары бойынша байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу туралы шешiм қабылдайды. Кәсiпорынның басшысына және байқау кеңесiнiң мүшелерi болып табылатын мемлекеттiк қызметшiлерге сыйақы төленбейдi. Байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы кәсiпорынның қаражаты есебiнен төленедi.
Байқау кеңесi мүшелерiнiң қызметiн бағалау және байқау кеңесiнiң мүшелерiне сыйақы төлеу лимитiн айқындау тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 шілде 2011 жылғы №876 Қаулысымен бекітілген «Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу лимитін айқындау туралы» Қағидасына сәйкес айқындалады.
Кәсіпорынның байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу кәсіпорынның бір жылдың қорытындысы бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның басшысына, сондай-ақ мемлекеттік қызметші болып табылатын байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді.

VIII. Кәсіпорын мен Байқау кеңесінің өзара әрекеттестігі.

23. Кәсіпорын директоры Кеңесте тұрақты түрде өкілдік атқарушы лауазымды тұлғаны белгілейді және Кәсіпорын мен Кеңес арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыздандырады.
Лауазымды тұлға Кеңес отырыстарында кеңесші дауыс құқымен міндетті түрде қатысады.
Кәсіпорын директоры Кеңестің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді енгізуге құқылы.
Кеңес отырысының күн тәртібі отырыс өткізілетін күнге дейін 5 (бес) күн бұрын Кәсіпорын директорына міндетті түрде жолданылады.

IХ. Байқау кеңесінің комиссиялары

24. Кеңес Кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру үшін кәсіпорын ішінде тұрақты әрекеттенуші жұмыс топтарын құруға құқылы:

  • Қаржы – шаруашылық  - Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін жүргізуге көмек көрсетуші;
  • Нормативті – құқықтық – заңдылықтың сақталуына жауап беруші;
  • Ұйымдастыру – оқытушылық – Кәсіпорынның даму бағдарламаларының жүзеге асырылуына көмек көрсетуші;
  • Сарапшылық – еңбек ақы төлеудің ынталандыру бөлігін бөлу мәселелерімен айналасушы.