02 Қараша 2018
2102

МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕРІ

ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері» МКК қатерлі және қатерсіз ісікпен ауыратын науқастарға арнайы және жоғарымамандандырылған көмек көрсететін емдеу мекемесі болып саналады.

Онкодиспансердің мақсаты мен міндеті: облыстағы онкологиялық жағдайды әрі қарай жақсарту, материалды-техникалық базасын нығайту, онкологиялық ауруды ерте анықтау мен емдеу, алдын алудың жаңа, алдыңғы қатарлы технологияларын енгізу.

Қазіргі күні онкологиялық диспансерде 150 койка бар. Бұл құрылымға келесі бөлімдер кіреді:

Хирургия бөлімі – 50 койка.

Химиотерапия бөлімі -45 койка.

Радиология бөлімі - 30 койка.

Оңалту бөлімі – 15 койка.

Паллиативтік көмек бөлімі – 10 койка.

Диспансерде хирургиялық, сәулемен емдеу, химиотерапиялық емдеудің қазіргі заманғы түрлері жүргізіледі: өңеш, бауыр, өт жолдары, асқазан, қуық, әйел жыныс мүшелерінің ісіктерінде радикалдық ота жасаудың түрлері жетілдірілуде; өңеш, сүт безі, жатыр ісіктерінде ағза сақтау арқылы жасалатын отаның барлық түрлері игерілді.

Онкодиспансер келесідей тексерудің диагностикалық түрлерін көрсетеді: УДЗ, рентгендиагностика, компьютерлік-томографиялық диагностика, эндоскопиялық диагностика, маммографиялық диагностика. Онкодиспансерде науқастардың күндізгі уақытта ем алуы үшін 55 койкаға күндізгі стационар жұмыс жасайды.

Диспансер құрамында ота блогы, цитологиялық және клинико-диагностикалық зертхана, сәулелі диагностика, патологоанатомиялық бөлім жұмыс жасайды.

Емханада кеңестік көмек беру көлемі барынша ұлғайтылды. Диспансерлік бөлім ауысымына 200 қабылдауға арналған, қабылдауды маммолог, онкохирург, онкогинеколог, онкоуролог, балалар онкологы жүргізеді.